Құқық

Шетелдіктер астаналық ломбардтан 46 млн теңге ұрлап кеткен

Шетелдіктер астаналық ломбардтардың бірінен 46 млн теңге ұрлап кеткен, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Тергеу барысында бес адамнан тұратын топ қылмысты алдын ала мұқият жоспарлағаны анықталды. Қаскөйлер ломбардтың кілтін алып, ондағы қызметкер түскі үзіліске шыққан сәтті күткен. Одан соң олар ішке кіріп, жалпы құны 45 миллион теңге болатын 654 алтын бұйымды, сондай-ақ кассадан бір жарым миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен.

Polisia.kz-тің мәліметінше, күдіктілер оқиға орнынан ізін суытып, елдің батыс аймағына қашқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктілерді Орал қаласындағы үйлердің бірінің ауласында ұстады, онда олар тұрғын үйді жалға алуға тырысқан. Күдіктілердің басқа елдің азаматтары екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта олар қамауда отыр. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button