Сайлау - 2021

Шеткі аймақтар шет қалмайды

Мәслихат депутаттығына үміткерлер «Астана Арена» стадионының ұжымымен кездесті. Барлық мәселелер сұрақ-жауап форматында талқыланды.

Алдымен үміткерлер жиналғандарды Nur Otan партия­сының сайлауалды бағдарламасымен таныстырған соң, аудиториямен өзара диалог басталды. Талқылау барысында қаланы дамытудағы ең түйткілді мәселелер қозғалды.
– Елорда тұрғындары Есілдің оң және сол жағалауына қарамастан, жайлылықты сезінуі тиіс. Оларға қаланың барлық салалары мен инфрақұрылымдары қолжетімді болуы керек. Бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселенің бірі – газ тарту. Қазір «Көктал», «Агроқалашық» сияқты аудандарға газ тартылды. №1, 2 жылу электр орталықтары көгілдір отынға көшірілді. Бұл біздің экологиямызды жақсартуға септігін тигізеді. Қала тұрғындарының тұрмысы жеңілдейді. Жалпы, 10 қаңтарда Сіздерден Nur Otan-ға дауыс беріп, азаматтық ұстанымдарыңызды білдіруге шақырамыз. Өйткені бұл – нақты істердің партиясы, – деді кездесуде үміткерлердің бірі Талғат Қожахметов.
Тұрғын үй алаптары арасында шешілмеген мәселелері көп екі аудан бар. Ол – Үркер мен Қосшы. Мәселен, Үркердегі басты мәселелердің бірі – көшелердегі атаудың жоқтығы. Тұрғындар жедел жәрдем және басқа да қызмет түрлерін шақырғанда бұл бірқатар қиыншылықтар туғызады.
Үміткерлердің бірі Қосшыдағы бірнеше көшеде тротуарлардың салынбағанын тілге тиек етті. Бұл адамдар өмірі үшін аса қауіпті. Сонымен қатар, Қосшыда электр қуаты, көшелердегі жарықтың тұрақты беріл­меуі және ғаламтор сапасының нашарлығы да жұрттың жүйкесін жұқартқан. «Сондықтан біз мұндай мәселелердің барлығын естіп, тыңдап, құзырлы мекемелерге жеткіземіз. Біз халықпен кездесуде талқыға түскен мәселелердің бәрі 10 қаңтардан кейін партияның бас кеңсесіне жіберіледі. Сайлауда жеңіске жеткен үміткерлер бұл мәселелердің алдағы уақытта шешілу жолдарын қарастырады. Осы сұрақтардың негізінде «Жол картасы» жасалады» деп сөзін түйіндеді үміткерлердің бірі.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button