Спорт

Шорт-трек чемпионаты

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалада шорт-трек­тен «ASTANA-OPEN» ашық қала чемпионаты басталып, оған еліміздің бес өңірінен келген спортшылар қатысуда.

«Алау» мұз сарайында өткізіліп жатқан чемпионатты қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйым­дастырды.

– Балалар жылы аясында өткізіліп отырған чемпио­натқа 2009 жылы туған және одан үлкен жастағы жеткіншектер қатысты. Жарыстың мақсаты – қысқы спорт түрлерін, оның ішінде шорт-тректі дамыту, спортты насихаттау. Еліміздің бес өңірінен келген балалар екі күн бойы нағыз үздіктерді анықтады, – деді №2 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің басшысы Бауыржан Сахарбаев.

Бұл жарысқа еліміздің Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласынан 163 қатысушы тіркелді.

Сонымен қатар жарысқа халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем кубогы мен Әлем біріншіліктерінің жүлдегері, жақында ғана шорт-тректен өткен әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде алған Абзал Әжіғалиев құрметті қонақ ретінде қатысты.

Жеңімпаздар әр жас тобындағы және әр қашықтық бойынша жеке біріншіліктерде анықталады. Бұл чемпионатта алдағы қысқы маусымға үздік спортшылардан тұратын Астана қаласының құрама командасы жасақталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button