Мәдениет
Шоу-турнир өтеді
5 шілде күні сағат 19:00 «Астана Арена» алаңында тұңғыш рет қала күніне орай Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен концерттік бағдарламасы бар медиа-футбол лигасының жолдастық шоу-матчы өтеді.
[smartslider3 slider=3373]
Іс-шараның мақсаты – Қазақстанда спортты дамытуға және танымал етуге, сондай-ақ спорттың инклюзивті мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ірі әрі көпшілікке ортақ мәдени-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру.
Ойынға Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, «Великолепный век» сериалының бас кейіпкері Эркан Кёстендиль, КВН Жоғары лигасының чемпиондары Дидар Ислам, Данияр Джумадилов, Галатасарай футбол командасының экс-ойыншысы Джихан Хасполатлы және басқа да танымал тұлғалар қатысады.