Жаңалықтар

«ШУАҚТЫ АСТАНА» ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Балаларды қорғау күні аясында бүгін елордалық бүлдіршіндерге арналған «Шуақты Астана» мерекелік бағдарламасы өтуде. ҚР Қаржы министрлігінің алдындағы алаңға келушілер шығармашылық өнер ұжымдарының концертін тамашалай алады. Сонымен бірге, балалардың асфальт үстінде сурет салудан жарысып, көңілашар ойындарға қатысуға мүмкіндігі бар.

Ұйымдастырушылар сондай-ақ, фонтан айналасында сән салонын құрған. Онда қалалық колледждердің студенттері кішкентай қыздардың шашын тегін сәндеп, бетін боди-арт стилінде әдемілеп өрнектейді. Балаларға бұл мереке аясында макияж бен маникюр жасатуға да болады. Ал, «Даналық» колледжінің студенттері болса ұл-қыздардың бойы мен салмағын өлшеп, алғашқы көмек көрсетудің тәсілдерін көрсетуде. Балаларды бұдан басқа да түрлі қызықтар күтуде. Мерекелік шара сағат 14:00-ге дейін жалғасады.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button