ЖаңалықтарҚала тіршілігі

«ШУАҚТЫ ҚАЛА» ШАҚЫРАДЫ

апвпвапва

Астана күніне орай, 5-7 шілде аралығында «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда «Шуақты қала» отбасылық фестивалі өтеді. Ашық аспан аясындағы шара осы күндері 10.30-дан 22.30-ға дейін жалғасады.

«Қазақ елі» монументі алдындағы алаң бұқаралық әрі әсерлі шара өтетін біртұтас сахна ретінде жасалады. Ертегі ауанына ұқсас стиль мен ландшафтты дизайнның арқасында монументтің айналасы мерекелік күйге енеді. Аумақ 16 алаңға бөлінген. Оның әрқайсы – өз алдына бөлек безендірілген жеке кеңістік. Ойын-сауық алаңдары әр түрлі жас шамасындағы балаларға арналған. Балдырғандар тек ойын бағдарламасына қанығып қана қоймай, пайдалы танымдық білім алады. Күлкі шақыратын ойын-сауық түрлері әр адамның балалық шағын бір сәт еске түсіріп, тамаша әсерге бөлемек.

«Шеберлер қаласы» – қолөнер шеберлерінің жұмыстары қойылған алаң. Мұнда кез келген адам қалаған кәдесыйын сатып алумен қатар, оны жасаудың шеберлік сабақтарына қатыса алады.

«Мен Астанада тұрамын!» алаңындағы суретшілер қатысушылардың портреттері мен достық шарждар салады. Сонымен қатар, мұнда «Менің Астанам» картинасының нобайы салынған үлкен стенд қойылады. Онда кез келген қонақ картинаның кей бөліктерін бояй алады.
Фестиваль қонақтары басты тосын сыйды мереке күндерінен күтеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button