Қала тіршілігі

Шұғыл белгі береді

Мұндай датчиктер Байқоңыр ауда­нындағы әлеуметтік жағынан аз қам­тылған және көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты қариялардың 70-ке жуық үйін қамтымақ. Бұдан бөлек, осы аудан­дағы тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету мақсатында 30 үйдің пеш құбырларын тазарту жұмыстары жүр­гізілмек.


Ал Сарыарқа ауданындағы осындай санаттағы отбасылардың үйіне 500 улы газ датчигі мен 500 түтін датчигі орнатылады деп жоспарлануда. Сарыарқа ауданындағы жеке сектор үйлерін аралайтын мобильдік топ құрылып, оның құрамына ТЖ басқармасы мен жергілікті полиция қызметкерлері және еріктілермен қатар, кәсіпкерлердің қолдауымен пеш мамандары да тартылған. Олар әлеуметтік-әлсіз топқа жататын тұрғындар үйлерінің өртке қарсы қауіпсіздігін тексеріп, мұржаларды тазалау жұмысын да жүргізбек.
– Профилактикалық жұмыстар жылыту маусымы басталған уақыттан бері жүргізіліп келеді. Соңғы төтенше жағдайларға байланысты бұл жұмыстар күшейтілген режимге көшті. Соған орай сенбі-жексенбі күндері департамент гарнизонының жеке құрамы жер үйлерге рейд жасап, өртке қарсы қауіпсіздік шарасын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал улы газға арналған датчиктер демеушілер қаржысына орнатылуда. Сонымен қатар кейбір үйлердің мұржаларын тазалау­ды да қолға алып жатырмыз. Бірақ тұр­ғындарды біреудің келуін күтпей, өздері де үйлерін барынша күтіп, қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануға шақырамыз, – дейді Байқоңыр ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы.
Айта кету керек, бес баланың өмірін жалмаған елордадағы уақытша тұр­ғызылған үйлердің бірінде болған қызыл жалынның себебі анықталды. ҚР ІІМ ТЖК Азаматтық қорғау саласындағы апатты жағдайлардың қауіп-қатерін төмендету мен бақылау басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Ақтаевтың мәліметінше, үйдің төбесі мен ыс сорғыштың арасында қажетті арақашықтық қарастырылмай, мұржа дұрыс бекітілмеген.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button