#Жаңа Қазақстан

Шынайы патриоттар келсін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Сенатының отырысында сөйлеген сөзін тыңдадық. Алдымызда үлкен дода – сайлау басталады.

Сондықтан халықтың ойы осы сайлаудың нәтижесі бойынша Мәжіліс құрамына білімді, елге абыройлы, адал, қолы таза, елдің шын жанашыр патриоттары келсін деген ойдамыз. Бұл – бір. Екіншіден, Мәжіліс депутаттары кімдер болуы қажет? Меніңше, заңгерлер құрамына талдау жасап, өмірлік тәжірибесі мол, жасына қарамастан, Мәжі­лісте заңгерлер де болуы керек. Мәселен, шетелдерде депутаттар құрамында 70-80 жастағы азаматтар да жүр. Сондықтан бізде де кезінде үлкен қызметтерде істеп, ысылған, өмірлік тәжірибесі зор, халықпен көп араласқан азаматтар Мәжіліс төрінен көрінуі керек деп ойлаймын. Сонда ғана Үкіметтің, биліктің депутаттар құрамы жақсы болса, халыққа жанашыр болса, Мәжілістің абыройы артар еді. Біз осыған аса мән беруіміз керек.

«Кез келген саяси мүддеге қарағанда мемлекетшілдік қасиет әлдеқайда биік тұруға тиіс. Қоғамға, ең алдымен, әрбір сөзіне және ісіне жауапкершілікпен қарайтын саясаткерлер қажет. Сонда азаматтардың елдік саясатқа деген сенімі артады. Ал сенім – бұл аса маңызды құндылық» деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ендеше бір орында 10-15 жыл тапжылмай отыратын депутаттар қайта сайлана бергенше, жаңа адамдар, үлгілі іс тындырып жүрсе де, көпшілікке көріне бермейтін мықты азаматтарға назар салуымыз қажет.

Есберген АЛАУХАНОВ,

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button