Басты ақпаратЕлорда тынысы

Шыршалар шамын жаққанда…

 Елорданың 6 ауданында 30-дан астам жаңа жылдық шыршаның шамы жағылды. Мерекелік іс-шараға 15 мыңнан астам адам қатысты. Шыршалар орнатылған барлық орында көптеген ойын-сауық түрі ұйымдастырылды. Ең биік 25 метрлік шыршалардың шамы «Астана Арена» стадионының тұрағында және «Қазақ елі» монументінің алаңында жағылды.

«Астана Арена» стадионының тұрағындағы 25 метрлік шырша жарық декоративті ұлпа қармен және өрнектермен, сары және қызыл реңдегі 2500 ойыншықпен, гирляндалармен және т. б. безендірілген. Шыршаны жағу кезінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Қайрат Баекенов, Ринат Малцагов, Ayree, балалар хоры мен би ұжымдарының қатысуымен концерт бағдарламасы, жаңа жылдық жәрмеңке, сырғанақ, мұз айдыны, лабиринт, фуд-корт, арнайы тақырыптағы фотоаймақ және т. б. ұйымдастырылды.

Нұра ауданында тағы 8 орында шырша шамы жағылды: орталық саябақта, «Зеленый квартал» тұрғын үй кешенінің скверінде, Үркер тұрғын алабындағы Айғыржал скверінде, «Сарыарқа», «Керуен сити», «Азия парк», «Хан Шатыр», «Айланд» сауда-ойын-сауық орталықтарының жанында және Сығанақ пен Ш.Айтматов көшелерінің қиылысында.

Сарайшық ауданындағы Қазақ елі алаңында шырша шамын жағу кезінде қала тұрғындары үшін мерекелік бағдарлама, балаларға арналған түрлі ойын ұйымдастырылды. Келушілер ән айтты, би биледі, сырғанақ пен мұз айдынында көңіл көтерді, фотоаймақта естелік үшін суретке түсті. Орналасқан жердің өзінде 2 мұз айдыны, 2 сәулесі бар сырғанақ, биіктігі 25 метрлік шырша, шағын архитектуралық нысандар мен жарық-иллюминациялық панно орнатылған. Сондай-ақ «Нұрлы жол» теміржол вокзалы маңында жаңа жылдық шырша жағылды.

Алматы ауданында жаңа жыл­дық шыршалар шамы Тәуелсіздік даңғылындағы Оқушылар сарайының аумағында, «Sana Sport» кешенінің аумағында, Қ.Рысқұлбеков көшесіндегі «Алма» саябағында, Astana Music Hall маңында және Р.Қош­қарбаев даңғылы, 80/1 мекенжайында жағылды.

Есіл ауданында ЭКСПО аумағында 23 метрлік шырша да жарқырап тұр. Шырша 4000-нан астам ойыншықпен безендірілген, олардың ішінде диаметрі 15-тен 40 см-ге дейінгі шарлар, гирляндалар және т. б. бар. Алаңда сырғанақтар мен мұз айдыны бар, елорда тұрғындары мен қонақтары шағын архитектуралық нысандардың фонында, ертегі кейіпкерлерінің жанында суретке түсе алады.

Байқоңыр ауданында 5 орында жаңа жылдық шыршалар мына орындарда безендірілді: Жастар сарайының аумағы, К.Ататүрік атындағы саябақ, Ж.Тәшенов көшесі, Өндіріс тұрғын алабы (Ақбидай мен Қ.Кемеңгерұлы көшелерінің қиылысы), Кирпичный тұрғын алабы (А.Чехоев және Жолымбет көшелерінің қиылысы) мен «Қоянды» саяжай алабы. Сонымен қатар ауданда Кеншілер, 5 және Ж.Досмұхамедұлы, 6 мекенжайы бойынша 5 метрлік 2 шырша орнатылды.

Сарыарқа ауданында әртүрлі биіктіктегі 3-тен 18 метрге дейінгі 6 шыршаның шамы жарқырап тұр. Олар мына мекенжайларда орнатылған: қалалық алаң, Бөгенбай батыр даңғылы, 43 мекенжайындағы сквер, «Көктал» саябағы, Есіл өзенінің жағасы мен Юбилейная көшесі, 22.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button