ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

Сингапурлық қор өкілдерімен кездесті

Елорда әкімі Алтай Көлгінов сингапурлық «Golden Equator» қорының өкілдерімен кездесті. Басқосуда әртүрлі салалардағы ынтымақтастық, жоспарланған жобаларды қаржыландыру, стартаптарды қолдау және тағы басқа мәселелер талқыланды.

[smartslider3 slider=542]

«Біз шетелдік компаниялардың өкілдерімен тұрақты кездесулер өткіземіз. Осы жылдың 9 айында 730 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тарттық. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда инвестиция көлемі артты. Былтыр пандемияға қарамастан, жеке инвестициялардың рекордтық сомасы – 1 триллион теңгеден астам қаражат тарттық. Қала тұрғындары мен елордалықтар үшін қажетті жобаларға қолдау көрсетеміз: ол мектептер, медициналық орталықтар, көтерме-тарату орталықтары, жылыжай кешендері, құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар және тағы басқалар» деп түсіндірді әкім.
Сонымен қатар, Венгрияның Tungsram компаниясының өкілдерімен ынтымақтас­тық жоспары талқыланды. Атап айтқанда, жарық техникасы өндірісін оқшаулау мәселелері, қаланың энергия тиімділігін арттыру үшін техникалық шешімдерді енгізу мүмкіндіктері кеңінен сөз болды.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button