Мәдениет

Синхронды жүзуден жарысты

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Barys Arena Pool олимпиадалық бассейнінің базасында Балалар жылы аясында 2010-2015 жылдары туған балалар арасында синхронды жүзуден Нұр-Сұлтан қаласының ашық кубогы өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 80-нен астам спортшы екі күн бойы бақтарын сынады.

[smartslider3 slider=3226]

 

Іс шараның ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысып, жеткіншектерге сәттілік тіледі.

Елордалық командамен қатар жарысқа Алматы, Талдықорған, Қарағанды және Теміртау қалаларынан келген жүзушілер бағдарламаның 4 түрінен (дуэт, жекелей, микс-дуэт, топтық) сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша еркін топтық бағдарламаның екі санаты бойынша жеңімпаз командалар анықталып марапатталды. «А» санаты бойынша Талдықорған қаласы мен «В» санатындағы Нұр-Сұлтан қаласының топтық жүзушілері бірінші орынды иеленді.

Дуэт бағдарламасы бойынша Алматы, Қарағанды және Талдықорған қалаларынан келген командалар жеңімпаз атанды. Жеке орындау бағдарламасы бойынша қазылар алқасынан ең жоғары балл алған үздіктер де анықталып марапатталды. Бұл – Қарағанды қаласынан келген Дания Шаукенова (51,7000), Елизавета Исхакова (51, 3000) және елордалық Тоғжан ­Жақсылық (50,2000).

Баян Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button