Шаһар шежіресі

Сиропты газды су

Суретте – 1970 жылдардағы Целиноград қаласының көшесіндегі газды су құятын арнайы автоматтар жанында бір топ қыздың кезекте тұрған сәті.

[smartslider3 slider=3647]

Байырғы тұрғындардың айтуынша, ол кезде мұндай автоматтар орталық көшелер мен дүкендерге, сондай-ақ, қонақ үй, вокзал, автовокзал, әуежай сияқты халық көп жүретін жерлерге орнатылатын болған.

[smartslider3 slider=3648]

«Әсіресе, жаз уақытындағы аптап ыстықта бір стақан сиропты газды суды 3 тиынға сатып алып, ішіп жіберсең, шөліңді қандыратын» дейді көнекөз қала тұрғындары.

Қазір заман өзгерді. Көшелерде мұндай автоматтар атымен жоқ. Есесіне «кока кола», «пепси», «фанта», «тархун», тағы басқа да сусындар дүкендерде қаптап тұр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button