Жаңалықтар

Сіздерге мың тағзым, құрметті ардагерлер!

Жеңіс мерекесі – аға буын ағалар мен аталарымыздың елінің азаттығы үшін, өскелең ұрпақтың бақыты үшін күрескен қастерлі күн.

Отан үшін от кешкен қадірлі қария­лары­мыздың қатары уақыт озған сайын азайып бара жатқаны өкі­ніш­ті.­ Біз жауынгер­ ар­дагер­ле­рі­міздің құрметіне Жеңістің 68 жылдығын оларға лайық дең­гей­де атап өтуіміз керек. Өйткені бұл – ерлік пен елдік­тің,­ батырлық пен өжеттіктің мейрамы.

Қазақстаннан қан майданға ат­тан­ған ер жүрек ұл-қыздар фашизмді жеңу жолында ас­қан ерлік көрсетіп, жеңісті жақын­да­ту­ға үлкен үлес қосты. Жау­ын­гер­лік­тің биік үлгісін көрсете білген ардақты ардагерлеріміз барлық майданда да жан аямай күресті. Олар­дың­ артында қалған отбасы атпал азамат­та­ры­ның жеңіске жете­ті­ніне сенді және сол қасиетті күн­ді асқан шыдам­ды­лықпен күтті.

Қазақстандық жүз мыңдаған отан­­да­сымыз елдің сол сенімін ақтап, ерліктің ерен үлгісін көр­сет­ті.­ Олар­дың бәрі де кеуде­ле­­рі­не орден, медальдарды жар­қы­ра­та тағып, Отанына абырой­ әкелді. Соғысқа қатысқан 500-ге­ жуық жауынгер «Кеңес ода­ғы­ның батыры» атағын ал­ды.­ Бау­­ыр­­жан Момышұлы, Әлия­ Мол­­да­­ғұ­лова, Талғат Бигелди­нов,­ Мән­шүк Мәметова, Ибрагим Сүлейменов, Сұлтан Бай­ғам­бе­тов сынды көптеген батыр­ тұлға­лар­дың есімі еліміздің жүрегінде мәңгі сақталады. Осындай есіл аза­мат­тардың арқасында жеңіс туы желбірегенін кейінгі ұрпақ еш­қа­шан ұмытпайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­ соғыс ар­да­герлеріне ерекше қам­қор­­лық көрсетіп келеді. Биыл біз Жеңіс­тің 68 жылдығын атап өтеміз. Бұл – сіз бен біздің ортақ тари­хы­мыз. Осынау ерлік мейра­мы­на дай­ын­далу – Ардагерлер кеңесі үшін үлкен мәртебе. Күллі адам­затқа қауіп төндірген сұм соғыс­тың зардабын тартып, Отаны үшін жан алысып, жан беріскен ар­дақ­ты ардагерлерімізді құр­мет­теу, соларға арнап мереке өткі­зу­ге дайындалу бізге тек қана қуаныш сыйлайды.

Ардагерлер кеңесі Есіл ауданы әкім­ді­гімен бірлесіп, көптеген шара­лар­ды қолға алдық. Мұндай мере­келер тек Жеңіс күнінде ғана емес, жыл бойы да жалғасын табатын болады. Біз бірде бір соғыс арда­гері назар­­дан­ тыс қалмай, бәрі­не бір­дей құр­­мет­ көрсетілуіне ерек­ше мән береміз.

Соғыс ардагерлері мен тыл еңбек­кер­лерін Ұлы Жеңіс мере­ке­сі­мен құт­тық­тай келе, оларға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт­ты сәттерінің көп болуын тілейміз.

Біз сіздерге қарыздармыз!

Сіздерге мың тағзым, құрметті май­дан­герлер!

Рысты АТЫҒАЕВА,
Есіл аудандық Ардагерлер
кеңесінің төрағасы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button