Әлеумет

СІЗДІҢ ҮЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ІШІНДЕГІ КҮЙ…

…Міне, сіздің қолыңызда газет. Сол газет бетінде жарияланған көп мақалалардың бірі болып табылатын осы мақаланы оқып отырсыз. Сіз кімсіз? Мүмкін сіз біздің балаларымызға білім әлеміндегі ғасырлар бойы жиналған әртүрлі ілімдер туралы түсінік беретін мұғалім шығарсыз… Жоқ, әлде сіз әр күні біздің денсаулығымыз үшін күреспен өтетін абзал жан иесі – дәрігермісіз? Сіз  кім болсаңыз да бәрібір: мысалы, инженер, іскер, менеджер, құрылысшы, қаржыгер …  Мүмкін Сізге бұл мақаланың авторы кім екені де қызықты шығар? Егер қысқа да нұсқа жауап беретін болсақ, сақтандыру компаниясының қызметкері… Міне, сіз бен біз сияқты бейтаныс екі жанға осы газет бетінде қауышу сәті түсті. Тіпті біздің қауышу сәтіміз де сізге осы мәтіннің соңғы нүктесіне дейін жетуге қажетті уақытқа ғана созылатындай қысқа болсын. Бірақ, мен үшін оның болашақта сізге пайдаға асатындай тиімді болғаны маңызды. Біз бір-бірімізді бетпе-бет танымасақ та, өте көп ұқсастығымыз болуы әбден мүмкін. Мысалы, бізге ата-анамыз, жұбайымыз немесе балаларымыз сияқты өз туыстарымыз өте қымбат және сіз де мен сияқты өз уақытыңыздың көп бөлігін жұмыста өткізген соң, олармен кездесуге асығатын боларсыз. Әдетте қалыптасқандай, қымбат адамдармен күнделікті кездесетін орын өз үйіміз болмақ. Мен үшін де, сіз үшін де «үй» деген сөздің мағынасы бірдей екеніне көзім әбден жетеді. Үй – бүтіндей бір теңіздің, тіпті әлемде болатын оқиғалар, құбылыстар мен қызық нәрселер мұхитындағы шағын арал.  Онда бізге ешқандай қауіп қорқынышты емес. Дәл осы жерде біз толыққанды дем ала аламыз, күш жинаймыз. Біз әрдайым өз үйімізге қамқорлық жасаудан жалықпаймыз. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп, әдемі жиһаз сатып аламыз. Бір сөзбен айтқанда, оны одан әрі жақсырақ, сенімдірек жасайтын жағдайлар туғызуға тырысамыз. Ал оны қорғау үшін мықты есіктер мен құлыптар саламыз. Бірақ, мұның бәрі біздің көпжылдық ерен еңбегіміз төгілген, өз қолымызбен жасаған жақсы істерімізге қажетті қорғанысты қамтамасыз ете ала ма? Менің ойымша, бұл жерде «ыдысты тек толтырып қана қою аз шаруа, сол толтырылған ыдыстың бүтіндігін сақтай білген де абзал» деген философтармен келісуге тура келеді.  

Бірақ біздің үйіміз асыл бұйымдарымыз салынған қағаз қорапша емес – оны сейфке тыға алмайсың, банкке сақтауға өткізе алмайсың…

Сондықтан, сақтандыру компаниясының қызметкері ретінде, өзіме жұмыс барысында белгілі болған және әрбір қарапайым адамның күнделікті өмірінде пайдаға асуы әбден мүмкін ақпаратпен бөліскім келіп отыр. Бірақ, бұл мақаланы кезекті жарнама, ал онда берілген ақпаратты сізді ығыр қылатын мәселе деп қабылдамас үшін, бірден анықтап алғанды жөн көрдім. Жұмыстан тыс уақытта мен де үйімдегі ас бөлмеге арнап әдемі терезе перделерін сатып аламын және жанұям мен үйіме арналған көптеген басқа да нәрселермен айналысам.

Сөз біздің үйімізді сақтандыру немесе менің әріптестерім құрғақ кәсіби тілде мүлікті сақтандыру деп атайтын мәселе туралы болмақ. Ол туралы әдетте үй немесе пәтер қолайсыз жағдайға душар болған және оны жөндеу мен қалпына келтіруге қаражат керек кезде ғана еске алады. Тағы бір қы­зық­тысы, оны біздің елде еуропалықтар үшін өмір заңдылығы, ал біз үшін, яғни, қазақстандық азаматтар үшін абстрактілі, дерексіз құбылыс ретінде қабылдайды. Десек те, шындығына келсек, тіпті сол сөзімізге арқау болып отырған мүлікті сақтандыру жергілікті тұрғындарға бұрыннан-ақ қолжетімді. Көпшілік қауым оны қымбат көреді, адамдар өз мүлкін сақтандыруға ниет­тенген жағдайлардың көбінде қайда және кімге хабарласу, сондай-ақ, дәл нені және қанша сомаға сақтандыру керек екенін анықтап алуды білмейді. Тағы бір бөлігі оның не үшін керек екенін де білмейді.

Сақтандыру туралы осы саланың мамандарынан естісеңіз, біз қарапайым тұрғындар аталған сала туралы жалған аңыздар қоршауында қалғанымызды және ол туралы көптеген маңызды, пайдалы ақпараттардың бізге жай ғана беймәлім болып қалғанына көзіңізді жеткізесіз. Мысалы, сізге төмендегі мәселелер белгілі ме.

… Біріншіден, сақтандыру – түк те қымбат емес! Мысалы, егер сіздің Петропавл қала­сындағы пәтеріңіз 7 млн теңге ($47 000) тұратын болса, онда оны «Қазком-Полис» СК (айта кетейін, мен сол жерде жұмыс істеймін) «Үй және оның ішіндегі күй» бағдарламасы бойынша өрттен және судан бар-жоғы 17,5 мың теңгеге сақтандыра аласыз. Егер бұл соманы бір жылдағы күн санына бөлсек, онда өз пәтеріңіздің қауіпсіздігі үшін сізге күніне бар-жоғы 48 теңге немесе айына бір жарым мыңнан аз сома керек екені анықталады. Келісіңізші, біз ұялы телефонмен сөйлесуге одан бірнеше есе көп сома жұмсаймыз ғой…

Екіншіден, сақтандыру – ол темір есік немесе терезеге темір тор орнату сияқты. Бірақ, ол темір есік те, темір тор да көмектесе алмағандықтан зардап шеккен және сіздің үйіңіз және оның ішіндегі мүлкіңізбен болған қандай да бір жағымсыз оқиғадан соң қалпына келтіру қажеттілігі туындаған және сіздің қаржылық мүддеңізді қорғауға бағытталған ерікті сақтандырудың қосымша түрі.

…Тек өз пәтеріңіз немесе үйіңізді ғана сақтандырып қоймай, мысалы өз әке-шешеңіздің де үйін немесе пәтерін сақтандыруыңызға болады. Осындай жағдайлар үшін төмендегідей түсініктер қарастырылған: «сақтанушы» – сақтандыру компаниясымен шартқа отыратын тұлға, «сақтандырылушы» – сақтандыру соған қатысты жүзеге асырылатын тұлға. Сіз сақтанушы ретінде сақтандыру шартында өзіңіздің әке-шешеңіздің бірін сақтандырылушы ретінде көрсете аласыз. Мұндай кезде тек оның жазбаша келісімі қажет.

Айта кететін жәйт «Қазком-Полис» сақ­тандыру компаниясында сондай-ақ, «Менің көршілерім» бағдарламасы бо-йынша сіз өзіңіздің азаматтық-құқықтық жауапкершілігіңізді де сақтандыра аласыз. Тек сіздің көршілеріңіз ғана сізге материалдық залал шектіріп қоймайды, сіздің өзіңіз де оларды, мысалға алсақ, су ағынына душар етуіңіз мүмкін ғой. Мұндай жағдайларда сақтандыру жағдайы басталған кездерде «Қазком-Полис» компания­сы сақтандырушы ретінде сіздің зиян шеккен көршіңіз ұсынған шот бойынша төлем жасауды жүзеге асырады.

Кез келген сақтандыру жағымсыз оқиға­лардың алдын ала алмайтынын, бірақ ол жазатайым оқиғаның салдарынан болған шығын көлемін неғұрлым азайтуға мүмкіндік беретінін атап өткім келеді.

Біздің өміріміз үйімізге қауіп төндіруі және әртүрлі кездейсоқтықтарға толы болуы мүмкін. Олардың кейбіреулері күзетші жалдаумен немесе күзету және өртке қарсы дабыл қағу жүйелерін орнату арқылы азайтылуы мүмкін. Бірақ бұлар сыртқы ортаның қандай да бір әсерінен сақтану әдістері… Біз жұмыста болған кезде батареялар жарылып кетпейтініне немесе жоғарыдағы көршілер демалысқа кетіп бара жатып суды жауып кетпейтініне сенімді бола аламыз ба? Немесе көрші қандай да бір оқиғаны мерекелегеннен кейін төсегінде сөндірілмеген шылымымен бірге ұйықтап қалмайтынына көзіміз әбден жете ме? Меніңше, жоқ. Сонда оның салдары қандай болмақ? Ондайда екі-ақ жол бар: біріншісі – болған оқиғаға өкініш білдіру және залал шеккен мүлікті қайта қалпына келтірумен байланысты көптеген қиыншылықтар немесе одан көп есе тиімді, сақтандыру жүзеге асырылған жағдайларда ғана мүмкін жол. Әрине, тағы да сол өкініштер. Бірақ сақтандыру компаниясынан төлем түрінде қайта қалпына келтіру жөніндегі шынайы мүмкіндіктермен көркемделген өкініштер…

Сақтандыру – сіз үшін өзінше бір ерекше сейфке айналуы мүмкін, одан сіз қажеттілік туындаған жағдайда керекті соманы оп-оңай ала аласыз және кезінде өзіңіз салған сомадан әлдеқайда көп қаржы аласыз. Бұл сейфтің кілті – сіздің сақтандыру полисіңіз.

Мен сіздің үйіңізді сақтандыру қажеттігіне көзіңізді жеткіздім деп үміттенем. Егер, сіз өз үйіңізді немесе пәтеріңізді сақтандыру туралы шешім қабылдаған болсаңыз, онда сізге кейбір мәселелердің басын ашып алуға тура келеді. Ескерте кетейін, «пәтерді сақтандыру» деген ұғымды сақтандыру ком­паниясының қызметкерлері мен клиенттері әртүрлі қабылдауы мүмкін. Бұл жағдайда пәтер сақтандыру компаниясының өлшемдері бірнеше құрамдас бөліктен тұрады. Бірінші құрамдас бөлігі – қабырғаларымен, төбесімен, техникалық коммуникацияларымен бірге қосқандағы пәтердің (үйдің) өзі, яғни, жылжымайтын мүлік. Екінші құрамдас бөлігі – ішкі сәндеуі. Мысалы, жақында ғана жасалған қымбат және сәулетті еурожөндеу. Мұндай жағдайда оның амандығы үшін уайым жеудің мәні бар. Себебі, күтпеген жерден өрт шықса немесе су басып кетсе, қабырға қалады, ал оның үстіне жасалған қымбат әрлеу қатты зардап шегеді. Үшінші құрамдас бөлік – үйдегі барлық жылжымалы мүліктер: жиһаз және тұрмыстық техника, кілемдер мен перделер, балалар және спорттық мүліктер және көптеген басқа заттар. «Қазком-Полис» сақтандыру компаниясында сіз жоғарыда көрсетілген барлық құрамдас бөліктерді бірден және олардың кез келген жиынтығын өзіңізге сай топтап сақтандыра аласыз. Мұндай кездерде менің әріптестерім осы заттардың барлығына нақты қандай қауіп төніп тұрғанын анықтап алуға кеңес береді. Мысалы, Қостанай облысының тұрғындарына өз мүлкін жер сілкінісінен сақтандырудың еш қажеті жоқ. Ал, оңтүстік таулы аймақтың тұрғындарына бұл өте қажет тармақ болар еді.

Әдетте мамандар пәтерді тәуекелдердің толық пакеті бойынша сақтандыруға шақы­рады. Өйткені, дәл осындай кездерде ел аузында көп айтылатын қырсықтық заңдылығы басым күшке ие болып кетуі мүмкін: өрттен сақтандыру бар кезде, жоғарыдағы пәтерден аққан су басу немесе батарея жарылып кету орын алады. Тәуекелдер қисындау арзаныраққа түседі. Бірақ, тиын-тебенді орынсыз үнемдеудің жөні жоқ шығар.

Үй мүліктерін сақтандыруда сондай-ақ басқа тәсілдері бар. Сіз бүкіл мүлкіңізді немесе тек тұрмыстық техникаңызды ғана сақтандыра аласыз. Бірақ тағы да есіңізге сала кетейін: егер сақтандыру аздап арзандау болса, онда сізге сақтандыру түрлерінің кейбірінен бас тартуға тура келеді.

«Қазком-Полис» сақтандыру компания-сында жоғарыда аталған «Үй және оның ішіндегі күй» бағдарламасы бойынша өз үйіңізді тәуекел түрлерінің толық тізімі бойынша сақтандыра аласыз. Яғни, оның ішінде өрт, су басу сияқты әртүрлі табиғи апаттар. Сонымен қатар тәуекелдер тізіміне кез келген пәтер мен үйдің басына төнуі мүмкін құлыпты бұзып кіріп тонау және ұрлық сияқты тәуекел түрі де жатқызылады. Мүлікті сақтандыруға болатын мерзім ұзақтығы 1 айдан бастап 1 жылға дейінгі мерзімді қамтиды.

Мүмкін, сіз өзіңізге «мен өз үйімді сақ­тандырдым ба?» дейтін сұрақты қоя­тын шығарсыз. Ал мен, «жақында сақтан­дырдыңыз» деп жауап беремін. Өз кәсібіме қарай түсінгенім, сақтандыру полисінің құндылығы оның нақты бағасынан бірнеше есеге қымбат болып кететін жағ­дайлар да кездеседі.

Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 18, КП-12, «Краун Плаза» тұрғын үй кешені, 53-93-47, 53-93-57,
8 8000 8000 09 (қоңырау шалу тегін)
www.kkp.kz

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button