Денсаулық

«Скандинав жүрісі» –сергітетін серуен

Астана саябақтарында, Есілдің жағалауларында екі бірдей жіңішке таяқпен қаздаң басып, баяу адымдаған жүргіншілер көптеп кездесе бас­тады. Бұларды «Скандинав жүрісін» салауатты өмір салтына айналдыра бастағандардың алғашқы легі деуге болады.

Жаңа үрдіске спорт түрі ретін­де қарайтын болсақ, өткен ғасырдың 40-жылдарынан бас­тап ене бастаған. Қос таяқпен жаяу жүріп жаттығудың түрін Финляндия жаттықтырушылары ойлап тапқан. Мақсаты – маусым аралығында шаңғышылардың бабында болуы үшін асқан қа­жеттілік еді. «Скандинав жүрісін» ұзақ жылдар бойына тек спортшылар арасында қолданылса, 90-жылдардан бас­тап бүкіл әлемнің қарттары қолына таяқ ұстап жолға шық­қан секілді.
Уақыт өте келе бұл қос таяқ­тың егде адамдар үшін таптырмайтын дене шынық­тырудың бірден-бір тиімді тәсілі екені мойындалды. Осы серуеннің арқасында адам денесі бұлшық еттерінің 90 пайызы шынығады. Артық салмақтан арылып, жүрек пен өкпенің жұмысы жақсарады. Жүрек-тамыр жүйесі сергіп, тірек-қозғалыс аппаратының кем­тіктері қалпына келеді. Ар­те­риалды қан қысымы қал­пын­да болып, жүйке жұмысы жақсарады.
Астана қаласы Саламатты өмір салты орталығында «Сканди­навтықтардың салауатты жүрі­сі­мен айналысушылардың клубы жұмыс істейді. Оған әр жастағы кез келген адам ке­ліп, нұсқаушының көмегімен ал­ғашқы қадамын жасай алады. Бірер сабақтан кейін өздігінен таяққа сүйеніп жүруді тез мең­геріп алып кетеді екен.
– Медицина саласында зерт­теу­­лердің нәтижесінде оңалту жағдайында таптырмайтын тәсіл екеніне көзіміз жетіп отыр. Әсіресе, омыртқаларына зақым келгендер, инфаркт алғандар, тыныс алу жолдарының ауруынан кейін осы арқылы тез қалпына келді. Сонымен бірге, остеохондроз, артроз, остеопороз, ортопедиялық ауытқулары мен буын ауруларына, невроз бен ұйқысыздықта бұл дағды жақсы нәтиже береді.
Біздің клубқа тек науқастар емес, дені сау астаналықтар да тіркеліп жатады,– дейді жаттықтырушы Әсия Амангелді­қызы.

 

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button