Елорда тынысы

«СКМ Девелопмент» өкілдерімен кездесті

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов «СКМ Девелоп­мент» компаниясының өкілдерімен кездесті.

«СКМ Девелопмент» компаниясы 2005 жылдан бастап көрші Ресейдің әртүрлі аймақтарында тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлікті басқарумен және дамытумен айналысып келеді. 2017 жылдан бастап компания Екатеринбургтегі тұрғын үй құрылысы саласында толық циклді жобаларды іске асыруда.

Мәслихат төрағасының айтуынша, қонақтар Астанада тұрғын үй жобаларын дамытуға қызығушылық танытқан. Жақын арада «Astana Invest»  инвестицияларды дамыту ор­та­лығымен бірлесіп, ынтымақтас­тық жөніндегі одан арғы қадамдарды талқылау үшін Индустриялық парк пен «Аверс» үй құрылысы комбинатында көшпелі кеңес өткізілмек.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button