Жаңалықтар

Славян жазуы мен мәдениеті күні

Славян жазуы мен мәдениеті күніне орай, № 65 мектеп-гимназияда «Слово о слове» атты қалалық жас ақындар байқауы өтті. Шараны қалалық Тілдерді дамыту және Білім басқармалары ұйымдастырды. Байқауға қала мектептерінен 16 оқушы қатысып, өздерінің мерекеге арнаған өлендерін оқыды. Жыл сайын орыс мектептері арасында ғана өтетін бұл байқау биыл алғаш қазақ мектептері арасында өтіп отыр. Байқаудың бәйгесін «Дарынды қыз балаларға арналған лицей-интернаттың» оқушылары Малика Құрақбаева мен Саида Самат жеңіп алды. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Сондай-ақ, оларға арнайы шығарылған жыр жинағы табыс етілді. Бұл байқау алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Жанар САЛЫБАЙ,
ЕҰУ-дің журналистика және саясаттану
факультетінің 1-курс студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button