Қала тіршілігі

Славяндар қыспен қоштасты

Жексенбі күні елордада масленица мерекесіне орай халықтық серуен ұйымдастырылды. Дәстүрлі мереке апта бойы тойланады.

Славян жұртының қысты шығарып салу мейрамын «Жастар» сарайы алдындағы алаңда өткізу жоспарланған болатын. Алайда, қар жауып күрт суытқан ауа райына байланысты апта бойы жалғасқан Масленицаның соңғы күні ғимарат ішінде тойланды. Ән-биден, викториналық сұрақтар мен спорттық ойындарды қамтыған көңілді бағдарламаны жүргізуге  этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, «Оберег» украиндар қоғамы, «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының мүшелері атсалысты. Шараға қатысқан астаналықтар мереке нышаны – ыстық құймақтардан дәм татты. Сондай-ақ, жиналған жұрт кешірімді жексенбіні атап өтіп, кеше христиандар ауыз бекітті. Осылайша олар қырық күн бойы Пасха мерекесіне дайындалады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button