Қала мен Сала

«Smart Astana» – ыңғайлы қосымша

Қала тұрғындары үшін «Smart Astana» атты мобильдік қосымша қолданысқа енгелі пайдаланушылар саны 70 мыңға жуықтады. Оны кез келген адам ұялы байланыс телефонына «Apple Store» және «Play Market» арқылы тегін жүктей алады.

Smart Astana

Бар болғаны бір-ақ қосымшада қалалық автобустардың барлық қозғалысын онлайн режимде бақылауға болады. Жол қозғалысы ережелері айыппұлдарын тексеру, интеллектуалдық байланыс орталығына өтініш білдіру, халықаралық және ішкі әуе рейстерінің ұшу және ұшып келу уақытын, сондай-ақ, пойыз, электричка және қалааралық автобустардың кестесін көруге мүмкіндік қарастырылған. Ондағы «Smart tickets» айдарында «Бәйтерек», «Атамекен Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені, Жастар сарайы, С.Сейфуллин атындағы музей, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Мемлекеттік академиялық филармония, Қуыршақ театры, Жастар театры секілді тағы басқа мәдени орындарда өтетін іс-шараларға билетті онлайн арқылы сатып алуға болады. Ал, жуырда спорттық шараларға да билет сатып алу мүмкіндігі ұсынылмақ. Қосымша, сондай-ақ, мектептердегі сабақтардың болмауы, тас жолдардың жабылуы мен ашылуы және қаладағы жайсыз ауа райы туралы push-хабарламаларды лезде алу функциясымен ыңғайлы.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button