Сұхбат

«SMART ASTANA» ЖОБАСЫНЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ПЫСЫҚТАЛАДЫ

Азиза Копбосынова

Келесі аптада Астана қаласының әкімдігі мен «Астана Innovations» АҚ «Smart Astana 2014» IV конференциясын өткізеді. Алдағы шара жайында бізге акционерлік қоғамның басқарма төрағасының орынбасары Әзиза КӨПБОСЫНОВА айтып берді.

– Конференцияның мақсат-міндеттеріне тоқталсаңыз.

– Аталмыш конференцияны 2011 жылдан бастап жыл сайын өткізіп келеміз. Мақсатымыз – елорда тұр­ғындары мен қонақтарына қызмет көрсетудің сапасын арттырудың өзекті тақырыптарын талқылап, қаланың ғаламдық бәсекелестікке қабілеттілігін күшейту. Астананың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытып, қалаға ин­вестицияларды да тартуымыз қажет. Ол үшін Астананың имиджі де жақсаруы тиіс. Мұндай конференция оған то­лықтай мүмкіндіктер ашады деп ойлаймыз. Атап өтейік, биылғы басқосуымыз «Smart Astana» жобасының жол картасы мен Астана қаласының әлемнің
50 «ақылды» қалаларының рейтингіне енуі жөніндегі іс-шаралар жоспарына орайластырылған.

– Талқыға қандай тақырыптар салынады?

– «Smart Astana» – дамудың келешегі мен беталысы», «Қауіпсіз Астана», «Экспо-2017» – тиімді инновациялық инфрақұрылым» және «Астана – жоғары технологиялар қаласы» атты тақырыптар қаузалады.

– Осының алдындағы конферен­ция­лар мамандардың көңілінен шық­ты ма? Жалпы, өткен конферен­ция­ларға кімдер қатысты? Осы жолғы басқосуда кімдерді көре аламыз?

– Бұдан бұрынғы конференция­ларда ақылды қалалардың жаңа технологияларын дамытудың қыр-сырын меңгерген жетекші мамандардан оң баға алдық. Олар біздің жобаларымызға үлкен қызығушылық танытты. Атап айтсақ, Оулу, Йокагама, Чикаго сияқты осы саладағы көшбасшы қалалардан келген сарапшылар мен «ZTE», «CISCO», «IBM», «PricewaterhouseCoopers» және т.б. сынды атақты әлемдік компаниялардың бірінші басшылары болды. Алдағы конференцияға «Ernst&Young», «PWC» консал­тингтік компаниялары және «Samsung» өнеркәсіптік концерні серіктес ретінде қатысады.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button