Мәдениет

Сөнбеген сәуле

«Астана опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы камералық залында әнші, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Аманкелді Сембинге арналған «Сөнбеген сәуле» атты музыкалық кеші өтті. Оған тенор дауысты әншілер Артур Ғабдиев, Қуаныш Мұхамадиев қатысты. Концертмейстер – Зәру Жазықбаева.

Амангелді Сембин – «Ла Скалада» ән салған тұңғыш қазақ. «Ла Скала» сахнасында әлемге танымал өнер майталмандары ғана көрсетеді. Өткен ғасырдың 70-жылдары бұл театр сахнасында тұңғыш қазақ баласына ән шырқау бақыты бұйырды. Қазақ операсы тарихында Амангелді Сембин есімі А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абайында», М.Төлебаевтың «Біржан – Сарасында», Дж.Вердидің «Травиатасы» мен «Риголеттосында», П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегинінде», Е.Брусиловскийді «Қыз Жібегінде», С.Мұхамеджановтың «Жұмбақ қызында», Дж.Пуччинидің «Чио­Чио-Санында», Ш.Гуноның «Фаусында», Моцарттың «Дон Жуанында» белгілі партияларды өз деңгейінде орындаған опера әншісі ретінде де қалды.

Бағдарламада халық әндері, С.Рахманинов, Н.Римский-Корсаков, П.Тости, П.Москаньи және тағы басқа романстары орындалды. Танымал классикалық музыкаға көрермендер ду қол шапалақтап, ерекше дарын, айрықша дауыс иесі Аманкелді Сембинді еске алып, керемет көңіл-күймен қайтты.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button