Жаңалықтар

Соғыс ардагерін құттықтады

Нұр-Сұлтан қаласында тұратын әскери-теңіз күштерінің ардагері Василий Сердюков 95 жасқа толды. Ардагердің туған күніне елорда әкімі Алтай Көлгінов арнайы құттықтау хатын жіберді. Сарыарқа ауданы әкімдігінің, аудандық ардагерлер кеңесінің, Nur Otan партиясы қалалық филиалының өкілдері, сондай-ақ әскери қызметшілер ардагердің отбасына барып, оның әсерлі әңгімелерін тыңдады. 

[smartslider3 slider=1037]

Қарт ардагер ұзақ өмір сүрудің басты құпиясы салауатты өмір салты мен оптимистік дүниетанымын ұстануда екенін жеткізді. «Мені 95 жасқа толған туған күніммен құттықтай келгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Қала әкімдігі ардагерлерге айрықша көңіл бөледі. Бұған біз дән ризамыз. Жастарға айтарым, әрқашан салауатты өмір салтын ұстануды ұмытпаңыздар. Ол – ұзақ өмір сүрудің кілті» деді ардагер.

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Василий Сердюков 1926 жылы 21 қарашада Ақмола облысы Сталин ауданы Богдановка ауылында дүние­ге келген. 17 жасында ол Саратов облысының Хвалынск қаласында оқу автополкіне қызметке шақырылды. Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін Василий Сердюковқа сержант атағы берілді. Содан кейін ол ағасымен бірге Беларуссияға артиллериялық әскери бөлімге жіберілді. Ол Минск, Варшава қалаларын азат ету шайқастарына қатысты.

Әскерден қайтқаннан кейін Василий Сердюков Ақмола облысындағы Жолымбет кенішінде жүргізуші болып жұмыс істеді, бір жағынан оқып, 10-сыныпты бітірді. Содан кейін ол Новосибирск теміржол көлігі әскери инженерлері институтына оқуға түсті. Институтты бітіргеннен кейін Қарағанды теміржолына жолдама алды. 1961 жылы Целиноградқа ауыстырылып, станция бастығы және орынбасары болып жұмыс істеді, кейіннен теміржол көлігі үшін кадрлар даярлау жөніндегі теміржол мектебінің бастығы болды, сол жерден 1990 жылы зейнетке шықты.

Бауыржан Сегізбаев

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button