9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні

Соғысқа өзі сұранған

Екатерина Плужникова 1942 жылы аудандық комсомол комитетіне шақырылып, туысқандарына Отанын қорғау үшін майданға жіберілетінін хабарлайды.

[smartslider3 slider=2920]

Бірақ әпкесі оны Мәскеуден 400 км қашықтықта орналасқан Мичуринскке жіберді. Мичуринскке жетіп, Екатерина Герасимовна ауылдан 90 км қашықтықта майдан болғанын білді. Екатерина Герасимовна айтқандай, олар таңертеңнен кешке дейін траншеялар қазды. Бір аптадан кейін шақыру келді. Ол Мәскеу маңындағы 24-армияға түсті.

1945 жылға дейін 4-гвардиялық армияның Воронеж атқыштар дивизиясының құрамында байланысшы-пошташы сержант шенінде соғысты. Днепр­ден өтуге, Курск доғасындағы шайқастарға, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Югославия және Австрия жерінде ұрысқа қатыс­ты. Соғыстан кейінгі жылдары Ақмола облыстық байланыс басқармасында отыз жыл жұмыс істеді. Марапаттары: ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдары, мерейтойлық медальдар. Майдангерлер отбасында бес бала туып өскен.

Екатерина Герасимовнаның 11 немересі, 13 шөбересі, 2 шөпшегі бар. Үлкен тату отбасы мереке сайын түгелімен бас майдангер ананың соғыс кезіндегі естеліктерін қызығушылықпен тыңдайды. Ал Жеңістің 75 жылдығына арналған жаңа пәтердің кілтін алу бүкіл отбасы үшін қуанышты оқиға болды.

 

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button