Қоғам

Солтүстік Арал теңізінің ауданы ұлғайды

Қазір Солтүстік Аралдағы судың жалпы көлемі 22 млрд текше метрден асады. Өсу динамикасын салыстырсақ, 2022 жылдың басында бұл көрсеткіш 18,9 млрд текше метр болған. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Оның айтуынша, осы жылдың соңына дейін теңіздегі су көлемі 23,4 млрд текше метрге дейін жетеді деп күтілуде. Ал 2030 жылдың соңына қарай Солтүстік Аралдағы су көлемін 27 млрд текше метрге жеткізу жоспарланып отыр.

«Солтүстік Аралдың көлемімен бірге ауданы да ұлғайып келеді. Қазір теңіздің ауданы 3065 шаршы шақырым. Бұл 2022 жылға қарағанда 111 шаршы шақырымға көп. Бұл судың тұздылығын азайтуға және балықтың 22 түрінің популяциясын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жыл сайынғы балық аулау көлемі 8 мың тоннаға жетті», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button