Жергілікті қамту – стратегиялық даму
Астана қаласында Солтүстік Каспий жобасында жергілікті қамтуды дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Энергетика министрлігі елішілік құндылықты дамытудың тиімді жүйесін құрудың ірі мұнай-газ жобаларын қамтамасыз етуде жүргізіп жатқан жұмыс шеңберінде бүгін Астанада KAZSERVICE және НКОК компанияларының «Тауарлардағы жергілікті қамту: елдің және саланың стратегиялық дамуы» семинары өтті.
Іс-шараға 80-нен астам отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілердің, IMB орталығы мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Сөз сөйлеу барысында вице-министр Қ.Арымбек НКОК-пен бірлесіп жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты арттыру және отандық өндірушілерді қолдау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде екенін атап өтті.
НКОК-пен бірлесіп жүргізілген жұмыс нәтижелерінің бірі ағымдағы жылдың мамыр айында отандық тауар өндірушілермен және жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілермен сатып алынатын мұнай-газ жабдықтары мен тауарлары бойынша жалпы сомасы шамамен 78 млн. АҚШ долларға қол қойылған 5 келісімшарт болып табылады, сондай-ақ ағымдағы жылдың шілде айында Атырау қаласында өткізілген сатып алатын мұнай-газ жабдықтары бойынша үш ірі мұнай-газ жобасының «Ашық есік күндерінің» қорытындысы бойынша НКОК пен қазақстандық тауар өндірушілер арасында одан әрі ынтымақтастық туралы 23 меморандумға қол қойылды, оның қорытындысы бойынша бүгінде жалпы сомасы 124 млн. АҚШ долларынан асатын 8 келісімшарт жасалды.
Сонымен қатар Қ. Арымбек қайта қарау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, Даму бағдарламасы мынадай нысаналы индикаторларды қосуды көздейді: тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық үлесін арттыру, Бағдарламада сатып алуды жүзеге асыру процесінде қазақстандық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні ынталандыруға және қолдауға бағытталған құралдар мен тетіктерді көздеу, отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу, Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірісін оқшаулауды ынталандыру және отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі өзге де бағыттар туралы хабардар етті.
Бүгінгі таңда нақты көрсеткіштерді бекітуге және отандық мұнай-газ жабдықтарын өндірушілердің қолжетімділігін жеңілдетуге бағытталған Тендерлік рәсімдерге өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілді.
Семинар соңында НКОК пен отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілер арасында 20 млн. АҚШ долларынан астам сомаға 8 келісімшартқа қол қойылды.
Энергетика министрлігінің бұл бағыттағы жұмысы жалғастырылатын болады.