#Жаңа Қазақстан

Солтүстіктегі сапар жалғасуда

Respubliсa партиясының елдің солтүстігіндегі сайлауалды туры жалғасын табуда. Қатарына қосылуға өтініш бергендер саны 153 мыңға жеткен республикалықтар солтүстікте алдымен Петропавл қаласына ат басын бұрды.

Мұнда олар жергілікті кәсіпкерлермен және Солтүстік Қазақстан облысының іскер әйелдер қауымдастығымен кездесу өткізді. Жиын барысында партия мүшелері күшті, тұрақты кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыру және дамыту, нақты әрі тұрақты ережелері бар бизнес-ортаны құру, қымбат емес қаржы құралдары мен қызметтеріне кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ету, бюрократиялық кедергілерді азайту және бизнесті шектеу мәселелеріне баса назар аударды. Партия көшбасшысы Айдарбек Қожаназаров Петропавлдағы бизнес өкілдерімен әңгімелесіп, қоғамның кәсіпкерлікті қабылдау деңгейін өзгерту керегін айтты.

– Қоғамда кәсіпкерлер халық жауы сияқты көзқарас қалыптасқан. Олар салық төлеп, қоғамға пайда келтіреді. Біз шағын және орта бизнестің құқығы мен мүддесін – бүкіл экономикамыздың тірегін қорғаймыз. Егер ШОБ дұрыс дамитын болса, онда елдің ахуалы жақсарып, тұрмысы түзеледі, – деді ол.

Бұдан соң партия өкілдері Ақмола облысының орталығы – Көкшетау қаласына келді. Бағдарламада жалпы халықпен, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен, еңбек ұжымдарымен және іскер әйелдермен кездесулер бар. Сонымен қатар партиялықтар Павлодар қаласына барып, онда бірқатар іс-шара ұйымдастырды.

Көкшетауда партия өкілдері Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының облыстық өкілдігімен кездесті. Айта кетсек, бұл қауымдастық 1995 жылы құрылған, кәсіпкерлік саласындағы әйелдердің басын біріктіретін және қоғам игілігі үшін жұмыс істеуге бағытталған республикалық қоғамдық ұйым. Партия төрағасының Көкшетаудағы кездесуі «Тыныс» зауытында жалғасып, оның барысында жоғары білікті мамандарды даярлау үшін бизнес пен жоғары оқу орындарының белсенді ынтымақтастығы қажеттігі атап өтілді. Төрағаның айтуынша, бизнес өкілдері ЖОО қамқоршылық кеңесінде болып, болашақ мамандарды даярлау бағдарламасын ретке келтіруі керек.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button