Қоғам

Соңғы 10 жылда туу көрсеткіші 10%-ға артты

Қарақат ӘБДЕН, қалалық мәслихат депутаты:

Қазақстанда бүгінгі таңда балалы отбасыларды кешенді қолдау бағдарламасы бар, ол мемлекеттік жәрдем­ақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар мен салық салу кезіндегі жеңілдіктер жүйесін қам­тиды. Бірақ жаһандық экономиканың әсерін, инфляциялық үр­­­діс­терді, урбанизацияны ескере отырып, қолда бар қолдау көлемі пысық­талып, кеңейтілуі тиіс.
Бүгін әлеуметтік қолдау 5 санаттағы отбасыларға көрсетіледі: 1 жасқа дейінгі балалары бар аналар мен отбасыларға, көпбалалы отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға, жағдайы төмен отбасыларға, асыраушысынан айырылған және балаларды қамқорлығына алған отбасыларға.
Қазақстандық жүйе адам өмірінің барлық кезеңінде бірқатар қолдау шарасын қарастыратынын мойындау керек. Төлемдер мөлшері ұлғайтылып, алу жүйе­сі жеңілдетілген. Барлық әлеуметтік төлем жылда инфляция деңгейіне индекстеледі. Жалпы, ана мен баланы әлеуметтік қорғау шеңберінде қабылданып жатқан шаралар, тіпті қазіргі төмен мөлшерлерде де ел хал­қының демография­лық өсуіне оң әсерін тигіз­ді. Үкімет жанынан құрылған жұмыс комиссиясының бастамаларын қолайлы іске асыру кезінде біз халықтың өсуі бойынша діттеген нәтижені аламыз деп ойлаймын. Соңғы 10 жылда туу көрсеткіші 10%-ға артты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button