Ел тынысы

Соңғы он жылда әйел кәсіпкерлер үлесі 10,5%-ға өсті

Ұлттық статбюроның қаңтардағы дерегінше, шағын және орта бизнес субъектілерінің 49%-ын әйелдер басқарып отыр. Нақты айтқанда 1 008 328 субъекті. Қоғамдық саясат институты мереке қарсаңында кәсіпті нәсіп еткен әйелдер туралы мәлімет бөлісті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Соңғы 10 жыл ішінде әйел кәсіпкерлер көбейіп, олардың үлесі 10,5%-ға өсті.

Еліміз ақырындап кәсіпкерлікте гендерлік тепе-теңдікке бет бұрып жатыр деп айтуға болады.

Кәсіпкер әйелдердің ең көп саны шағын бизнесте шоғырланған (1 005 963 субъект), оның ішінде 878 мың әйел жеке кәсіпкерлік субъектісінің басшысы. Бұл ресми тіркелген жеке кәсіпкерлердің жалпы санының 53,6% құрайды. Орта бизнесті басқаратын әйелдердің үлесі 36%.

Өңірлік бөлініске келсек, әйелдер бизнесі басым, ол алдымен Жамбыл облысында (34,3%), одан соң Қызылорда облысы (33,6%), үштікті Алматы қаласы (32,3%) жабады.

Кәсіпкер әйелдер арасында ең көп таралған бизнес түрі — білім (71%) және денсаулық (58%) саласы.

Жалпы, әйелдер кәсіпкерлігі шағын және орта бизнес секторындағы жұмыс орындарының 31% және жалпы ішкі өнімнің 14,6% қамтып отыр.

Кәсіпкер әйелдер мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалана отырып, экономиканың барлық секторында табысты еңбек етуде.

Мәселен, өткен жылы 2 359 әйел кәсіпкерлерге арналған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау құралдарын тиімді пайдаланған, бұл жалпы көлемнің 55%.

Маңғыстау, Жамбыл облыстарында және Астана және Шымкент қалаларында кәсіпкер әйелдердің жобалары белсенді түрде субсидияланады.

Субсидия берілетін салалар арасында өңдеу өнеркәсібі, көлік және қойма жобалары басым.

Осылайша кәсіппен айналысып, оны басқаратын нәзік жандар әйелдердің көбісі саудамен айналысады деген стереотипті бұзады. Статистика соңғы бес жылда өңдеу өнеркәсібіндегі әйелдердің үлесі 26%-ға, ал саудада 1%-ға ғана өскенін көрсетеді.

Әйелдер кәсіпкерлігі Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің өсу құралына айналуда. Сауда өкілдері айналым капиталын жинап, бұрын сатқан тауарларды енді өздері шығара бастады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button