Ел тынысы

Соңғы қабылданған заңдардың әсері үлкен

«Ана тілі» газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты жарияланды. Мемлекет басшысы заңдардың қоғам өміріндегі маңызын атап, соңғы уақытта қабылданған заңдардың үлкен әсері туралы айтты.
Расымен, Парламентке келгелі мен еліміздегі заңнамалық жүйенің бірқатар өзгерістеріне куә болдым, әсіресе инклюзивті қоғамды дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстардың маңызы зор. Мүгедектігі бар азаматтардың білім алуына кедергілерді шешуге, инклюзивті сыныптар мен жоғары оқу орындарында білім алуды қамтамасыз етуге бар күшімді салып келемін.
Жаңа заңдар мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғауға, еңбекпен қамтылуына, тұрғын үй мәселесін реттеуге бағытталған. Президенттің айтуынша, мемлекет тұрғын үй құрылысын дамытып, әр жыл сайын 10 мың адамды жалға берілетін баспанамен қамтамасыз етеді.
Сұхбатты оқып, жұмысымыздың нәтижесінің ауқымдылығына көз жеткіздім. Бірақ әлі де алдымызда әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, ауылдық жерлердегі медицина мен білім беруді жақсарту сияқты маңызды міндеттер тұр. 460 мың оқушыға арналған мектептер мен медициналық нысандардың құрылысы жалғасатын болады, ал бұл еліміздің болашағы үшін аса маңызды.
Мемлекет басшысы тілге тиек еткен Заңдар мен реформалар — бұл халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмысын жақсарту бағытындағы нақты қадамдар. Әрбір азаматтың мүддесі ескеріліп, қоғамның талаптарына сай шешімдер қабылдануы керек.
Депутат ретінде ғана емес, халық арасынан шыққан азаматша ретінде, Жастар кеңесінің мүшесі ретінде менің басты мақсатым — барлық азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы, мен армандаған инклюзивті қоғамның дамуы. Жастар, мүгедектігі бар адамдар және еліміздің барлық азаматтары үшін бұл заңдар пайдалы болады деп сенемін.
«Заң — қоғамның айнасы». Біз заңдарды халықтың мүддесіне сай етіп, олардың өмірін жақсартуға бағытталған істі жұмыла қолға алудамыз. Ал Президенттің сұхбаты алдағы ауқымды жұмысты жүзеге асыруда бізге жаңа күш пен серпін берді.
Динара Наумова, 
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button