Мәдениет

Соңғы үкім

Осы аптада «Соңғы үкім» фильмінің түсірілімі басталды. Картина Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен шығарылуда. Фильм қазақтың көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері және саяси публицист Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған.

[smartslider3 slider=945]

Түсірілім тобын Ерлан Нұрмұхамбетов пен Ерген Тоқмурзин басқарады. Нұрмұхамбетов  – «Жаңғақ ағашы» фильмі үшін Пусан халықаралық кинофестивалі (Оңтүстік Корея) «Жаңа ағымдар» секциясының гран-при иегері. Режиссердің «Уақыт жолдары» атты соңғы картинасы осы жылы Францияда прокатқа шықты. Оның серіктесі Ерген Тоқмурзин көптеген деректі фильмдердің қоюшы режиссері болған. Картинаның сюжеті Ахмет Байтұрсыновтың өмірінің барлық кезеңдерін қамтиды. Басты рөлде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды.

«Бұл – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов туралы фильм. Оның өмірі, қоғамдағы істері және ең бастысы, оның күресі туралы. Бұл – мемлекеттің арнайы тапсырысымен түсіріліп жатқан үлкен жоба. Байтұрсынов – біздің мақтанышымыз. Менің ойымша, біздің жас ұрпақ осындай фильмдерді көруі тиіс. Өйткені Ахмет ағаның жасаған істері, Алашорда қайраткерлерінің ерлігі – бүгін кездеспейтін батылдық. Сондықтан сол кездегі оқиғаларды заманауи көрерменге көрсету керек» дейді актер Азамат Сатыбалды.

Сондай-ақ картинаға Назгүл Қарабалина, Александр Багрянцев және Ерлан Кәрібаев түсуде. Түсірілімнің негізгі локациялары – Алматы қаласы және Шығыс Қазақстан облысы. Қоюшы оператор – Марс Омаров. Бас продюсер – Дастан Атығаев. Сценарий авторы – Ғалым Доскен. Жыл соңына дейін авторлар 14 ауысымды түсіруді жоспарлап отыр. Фильмнің негізгі бөлігі келесі жылы түсіріледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button