Мәдениет

Соңғы үміт те жанбады

Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары жүлдегерлер тұғырынан көріне алмады.

[smartslider3 slider=2175]

Соңғы күндері өткен тау шаңғысы жарысында бәсекеге түскен қазақстандық Захар Кучин бірінші мүмкіндігінен кейін 1:03:68 көрсеткішімен 43-орында болған. Екінші мүмкіндігінде 58,98 нәтижесімен 36-орынға тұрақтап, жарысты аяқтады.

Ал шаңғыдан спринт жарысына қатысқан Қазақстан әйелдер құрамасы финалдық кезеңге өте алмады. Спортшыларымыз мәреге 10-ыншы болып келді.

Шорт-тректе 1500 метр қашықтықта өнер көрсеткен Ольга Тихонова үшінші ширек финал барысында ереже бұзғаны үшін төрешілер шешімі бойынша жарыстан шеттетілді. Осылайша Ольга жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырылып, Олимпиада ойындарын аяқтады.

Конькимен жүгіруден 1000 метр қашықтықта өнер көрсеткен Надежда Морозова 01:15:69 нәтижесімен 11-орын, ал Екатерина Айдова 19-орын алды.

Ал кеше конькишілер жарысында соңғы үмітіміз Денис Кузин болып еді. Өкінішке қарай, ол да жүлдеге ілікпей қалды. Денис Кузин мен Дмитрий Морозов 1000 метр қашықтыққа жүгірген еді. Д.Морозов аталған қашықтықты 1:09:61 уақыт көрсеткішімен бағындырса, Денис Кузин 1:10:07 уақытта жүгіріп өтті. Бұл нәтижелер екеуіне де медаль алу үшін жеткіліксіз болды.

Осы жарыстан кейін 2013 жылы әлем чемпионы атанған, төртінші Олимпиада ойындарына қатысқан Денис Кузин спорттық мансабын аяқтағанын мәлім етті.

 

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button