Ел тынысы

Сот жүйесіне кадрлар даярлау бойынша тренинг өтті

Maqsut Narikbayev University-де Қазақстанның сот жүйесі үшін кадрлар даярлау бойынша құқықтық тренингтің ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Оның ұйымдастырушылары – Жоғарғы Сот және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі.

Іс-шараның ашылу салтанатына Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.С. Тукиев, Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының Басшысы Д.Б. Мұратбеков, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисінің Басшысы Фробарт Фолькер, сондай-ақ Сот төрелігі академиясының, Maqsut Narikbayev Universitet өкілдері және судья болуға ниет білдірген заңгерлер қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сот төрелігі академиясында судьялық лауазымдарға біліктілік емтиханынан өтуге екі апталық онлайн дайындықтан өткен судьялыққа кандидаттарды офлайн режимінде оқыту.

Кеңес Аппаратының басшысы Д.Б. Мұратбеков өзінің құттықтау сөзінде атап өткендей, еліміздің басты басымдықтарының бірі жоғары кәсіби судьялар корпусын қалыптастыру болып табылады. Бұл үдерістегі шешуші рөл судья лауазымына біліктілік емтиханына арналған, оның негізгі міндеті – судья болып жұмыс істеуге қажетті үміткерлердің кәсіби білімі мен дағдыларын, сондай-ақ жеке қасиеттерін тексеру.

Аталған тренингке қатысатын және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 29-бабына сәйкес судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келетін адамдар ағымдағы жылғы 20-24 мамыр аралығында судья лауазымына біліктілік емтиханына қатысады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button