Sport

Спорт алаңы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ж.Жабаев атындағы №4-мектеп-гимназиясында көптен күткен спорт алаңы  ашылды.

Байқоңыр әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асқан бұл игі іс аталмыш  мектеп пен сол ауданда тұратын тұрғындар қолданысына салтанатты түрде табыс етілді. Спорт алаңының ашылу салтанатына Байқоңыр ауданының әкімі  Ерлан Жаулыбаев, «Құрмет белгісі» ордені, «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісі иегері Оспан Сүлейменұлы мен ардагер ұстаз Дәмеш Өмірбекқызы қатысты. Мейманды қонақтар шара қатысушыларына жылы лебіздерін білдіріп, жас ұрпақты спортпен айналысуға шақырды.

«Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» деген Елбасы ұстанымы негізінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – бұл біздің жалпы ұлттық міндетіміз» деп атап өтті. Соның дәлелі ретінде ашылып отырған бұл алаң болашақта талай спортшыларды шыңдап,  әлем аренасына паш ететіні сөзсіз. Аталмыш мектеп бокстан Санжар Ташкенбай мен зіл темір көтеруден Едіге Емберді сынды әлем чемпиондарын 2 жыл қатарымен тәрбиелеп шығарып отыр. Сонымен қатар, мектептің  волейболдан ұлдар командасы да үнемі қалалық, республикалық байқауларда бақтарын сынға салып, жүлделі орындарға қол жеткізіп жүр.

 Жұлдыз ҚАЛИЕВА,

Ж.Жабаев атындағы

  №4 мектеп-гимназиясының

 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button