Елорда тынысы

Спорт инфрақұрылымдары қалай өзгереді?

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында бас қаланың барлық аудандарында спорт ғимараттары салынуда. Бұл ретте қаланың шет аумақтарының тұрғындары мен халықтың әлеуметтік осал топтарының және мүмкіндігі шектеулі адамдардың спортпен шұғылдануына барлық жағдай қарастырылған.

[smartslider3 slider=3317]

 

Қазіргі таңда елордада 1016 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде 32 ірі спорт нысанында күн сайын 7000-нан астам адам спортпен шұғылданады.

Жалпы тұрғындар үшін жаппай дене шынықтырумен айналысуға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін елорданың төрт елді мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жоспарланған. Олардың екеуі Көктал-2 және Өндіріс елді мекендерінде пайдалануға берілді. Қазір мұнда оқу-жаттығу сабақтары жүріп жатыр. Ал Үркер және Теміржолшылар елді мекенінде осындай кешендердің құрылысы 2023 жылға жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Қ.Мұңайтпасов атындағы футбол стадионы мен «Қазақ­стан» спорт сарайын қайта жаңарту және жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстарды аяқтау 2023 жылға жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтан қаласының спортшыларын дәрігерлік және динамикалық тұрғыда бақылау үшін спорттық медицина орталығын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орталық күн сайын медициналық тексеру үшін 100 адамды қабылдайтын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button