Жаңалықтар

Спорт кешені бой көтерді

«Елорданың тұрғын алаптарын дамыту туралы» тұжырымдамасы аясында Байқоңыр ауданының «Өндіріс» тұрғын алабында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы жақында аяқталды. Жаңа кешен желтоқсан айы­ның орта шенінде пайдалануға беріледі.

[smartslider3 slider=1109]

Тұрғындарды бұқаралық спортқа баулу және олардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау мақсатында салынған бұл спорт кешені Өндіріс және С 638 көшелерінің қиылысында бой көтерді. Жаңа кешеннің ішінде аумағы 215 шаршы метрді құрайтын күреске жаттықтыру залы, 93,2 шаршы метрлік шынығу залы, 595 шаршы метрлік әмбебап зал жасақталған.

Толықтай жабдықталған спорт залында футзал, волейбол және баскетбол ойнауға, дене шынықтыруға болады. Сонымен қатар, аталған кешенде балалар мен жасөспірімдер үшін каратэ-до, самбо, кикбоксинг, муай тай, киокушинкай кан каратэ, грэпплинг, пауэрлифтинг, қол күресі, таеквондо, панкратион, қазақ күресі, джиу-джитсу сынды спорттың 12 түрінен үйірмелер ұйымдастыруға мүмкіндік жасалған. Бұдан бөлек, ғимарат ішінде қарттарға арналған клуб пен оқырман залы бар кітапхана орналасқан.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button