Елорда тынысы

Спорт командалары арқан тартыстан күш сынасты

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен арқан тартыстан жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Ұлттық дәстүрді насихаттайтын бұл спорт түрі жыл басында ғана федерация ретінде тіркелді. Жалпы, арқан тартыс қазақ мәдениетінде терең тамыр жайып, күш, командалық рух пен бірлікті бейнелейді.

«Арқан тартыс жарысын ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – бұқаралық спортты дамыту. Бәрімізге белгілі бұл спорт ежелден дәстүрімізбен біте қайнасқан. Өзге жарыстан ерекшелігі – төрешілер жеңімпазды анықтау барысында қатты араласа алмай, нағыз мықты жеңіске жетеді. Біз бұған дейін түрлі спорт түрлерінен турнир өткізген едік. Ал бүгінгі бәсекеде түрлі спорттағы жастардың басын біріктірдік. Мұндай іс-шараны бірінші рет өткізіп жатырмыз. Алдағы уақытта жалғастыру жоспарымызда бар», — деді жарыс ұйымдастырушысы Әлішер Ислам.

Жарысқа Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушылары, гір спорты, қазақ күресі, еркін күрес федерацияларының өкілдері, жаттықтырушылар, Алматыдан арнайы келген «Алатау жарық» компаниясы қатысып жатыр.

«Астана төрінде ұлттық спорттан керемет жарыстың ұйымдастырылғаны қуанышты жайт. Жарыста қаламыздың батырлары бас қосып, өзара мықтыны анықтайды. Жалпы осындай іс-шаралар жастардың бос уақытын тиімді өткізуге, зиянды дүниеден алшақ болуға мүмкіндік береді», — деді Астана қаласы мәслихатының депутаты Қанат Естек.

Чемпион атанған командаға 500 мың теңге, 2-орын алған ұжымға — 300 мың теңге, 3-орын иегерлеріне 200 мың теңге сыйақы табысталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button