Елорда тынысы

Спорт күніне орай бұқаралық велошеру

Астанада 400-ден астам адамның қатысуымен спорт күніне орайластырылған бұқаралық велошеру өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Велоспортпен айналысатын астаналықтар бүгін таңғы сағат 7-ден бастап Қосшы жақтағы айналма жолдың бойына жиналды. Велошерудің ашылу салтанатында сөз алған Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт бөлімінің басшысы Азамат Ағзамов қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, спорт күнімен құттықтады.

«Спорт – денсаулық кепілі, ерік-жігердің шыңдалуы және ұлттың болашағы үшін маңызды сала. Бүгін біз велошеруге қатысу арқылы спортқа деген сүйіспеншілігімізді, ортақ мүдделерімізді және бірлігімізді көрсетеміз. Әрбір айналған педаль біздің денсаулығымызды нығайтуға және болашақ ұрпаққа үлгі көрсетуге қосқан үлесіміз. Баршаңызға денсаулық, күш-қуат тілеймін және спорттағы жаңа жеңістермен құттықтай отырып, алдағы уақытта да спортқа деген ынта-жігерлеріңіз арта түссін деп тілеймін! Велошеру сәтті өтіп, спорттық рухтарыңыз жоғары болсын!» — деді Азамат Ағзамов.

Бұл жолы велошеруге қатысуға 406 адам ниет білдірген. Олардың ең егдесі – 68 жаста, ал кішісі – небәрі 6-дағы балақай. Барлығы бірге айналма жолдан бастап Үркердегі «Жасыл белдеу» тұрғын алабының саябағына дейінгі 25 шақырым жерді жүріп өтті.

Іс-шара аяқталғаннан кейін велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button