Елорда тынысы
Спорт күніне орай жаппай веложарыс өтеді
Елордада 18 тамызда Спорт күніне арналған жаппай веложарыс өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Велосипедшілер айналма веложолдан (Қосшыға қарай жол бойында) 25 км қашықтықта басталып, Ильинка (Үркер) «Жасыл белдеу» тұрғын алабының саябағында аяқтайды.
Веложарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу 07:00-ден 08:00-ге дейін жалғасады. Басталуы: 08:00. Қатысушы велосипедпен бірге келуі керек. Тіркелу тегін.
Жарыс аяқталғаннан кейін мәреге тіркелген қатысушылар арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны өтеді.