Ел тынысы

Спорт нашақорлыққа қарсы

Спорт-медицина орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Спорт – нашақорлық пен есірткіге қарсы!» атты сауаттылық сағаты өтті.

Нашақорлықтың адамға зиян-залалы туралы сауықтыру мекемесінің өкілі Алмат Рамазанов пен хирург-дәрігер Нұрсұлтан Кеңесбек түсіндіріп берді.

– Адамдар арасында есірткі қабылдауды қызығушылықпен бастайтындар бар. Кейіннен соған тәуелді болады. Ал тәуелділік адамның психологиялық жағдайына және денсаулығына кері әсер етеді, – деді Нұрсұлтан Кеңесбек.

Ал Алмат Рамазановтың сөзінше, нашақорлық – әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселе. Өкініштісі, нашаға әуес­тенген бір адамның за­уалы бүкіл отбасына, жақындарына теріс әсер етеді.

– Біздің мекеме тікелей спортшылармен жұмыс істейді. Сол себепті есірткіні тұтынудың ғана емес, есірткі заттарын тасымалдап, сатып, сақтаудың заң алдында жауапкершілікке тартатынын үнемі спортшыларға түсіндіріп жүреміз, – деді ол.

Тағыда

Нұрлат Байгенже

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button