Қала мен Сала

Спорт нысандары мен жаңа Оқушылар сарайы салынады

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов спорт нысандарының құрылысы мен сол жағалаудан салынатын тағы бір Оқушылар сарайы туралы мәлім етті.

«Елордада балалар мен қала тұрғындарына арналған бірқатар спорт және демалыс орталығын салып жатырмыз. Мысалы, Алматы ауданында, «Қазақстан» спорт сарайы жанында жеке инвестициялар есебінен көпфункционалды балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт орталығының құрылысы жүріп жатыр. Спорт орталығының базасында футбол алаңдары, сол сияқты үстел теннисіне, дзюдоға, парадзюдоға, хореографияға және т.б. арналған залдар болады.

Аталмыш көпфункционалды спорт орталығының базасында спортшыларды оңалтуға арналған дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері болады. Ал жеке инвестициялар сомасы – 5,5 млрд теңге. Спорт орталығын 2023 жылы ашу жоспарланып отыр.

Қалада жеке инвестициялар есебінен үстел теннисі орталығын («Алау» мұз сарайының жанында) ашамыз.

Қаланы аралау барысында жаңа Оқушылар сарайының (Есіл ауданы, Тұран даңғылы) құрылысымен таныстым. Оқушылар сарайының құрылысы да жеке инвестициялар есебінен жүріп жатыр. Жалпы ауданы шамамен 6,5 мың шаршы метрді құрайтын оның базасында бассейн, гимнастика, спорттық-бал билері залдарын, шахмат, робототехника және IT-бағдарламалау кабинеттерін және т.б. ашу жоспарланып отыр. Оң жағалауда Оқушылар сарайы бар. Қала тұрғындарының өтініші бойынша сол жағалауда Оқушылар сарайына арналған орын бөлінді. 2023 жылы Оқушылар сарайын ашуды жоспарлап отырмыз.

Бокс, жекпе-жек өнері орталықтары, жекпе-жек залы, спортшыларға арналған медициналық орталық (А-82 көшесіндегі «Нұрлы жол» теміржол вокзалының жанында) ашылды. «Жастар» сарайында, «Толқын» СК және т.б. жөндеу жұмысы жүргізілді. «Қазақстан» спорт кешенінде қайта құру және жаңғырту жұмысы жүріп жатыр. «Өндіріс» және «Көктал-2» елді мекендерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды. Оларда спорттың 10 түрі бойынша 1 мыңға жуық бала жаттығады. Тағы екі елді мекенде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде.

Қала тұрғындарының спортпен шұғылданып, бос уақытын пайдалы өткізе алуы үшін спорт және демалыс орталықтарының желісін әрі қарай да кеңейтетін боламыз. Спорт орталықтары бұқаралық спортты дамытуға және балалар мен жасөспірімдер спортына қолдау көрсетуге мүмкіндік береді» деді елорда әкімі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button