Денсаулық

Спортшылар ревакцинациядан өтті

Елорда спортшылары «Абу Даби Плаза» СОО-да орналасқан екпе пунктінде ревакцинациядан өтті.

[smartslider3 slider=1849]

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиевтің айтуынша, вакцинация коронавирустың ауыр түрінен қорғап қана қоймайды, бұл сондай-ақ халықаралық жарыстарға қатысатын спортшылар үшін басты талаптардың бірі болып саналады. «Қазақстан құрамасы да 100% вакцинацияланды. Осы құраммен олар 4-20 ақпан аралығында өтетін Бейжіңдегі Олимпиадаға жолдама алды. Мен де өзім және отбасым, туыстарым үшін ревакцинациядан өттім» деді Самат Ерғалиев.

Жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әділбек Мусин ревакцинация, ең алдымен, өз денсаулығым үшін қажет деп есептейді. «Спортшы болғандықтан күнделікті жаттығулар, түрлі деңгейдегі жарыстар біз үшін өте маңызды. Мен үнемі жаттығу жасап, оқу-жаттығу жиындарына қатысамын, сондықтан денсаулығымды сақтау әрі шетелдегі халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қорғау үшін ревакцинация қажет. Біз өз денсаулығымыз үшін ғана емес, жақындарымыздың денсаулығы үшін де жауаптымыз» деді спорт шебері.

Екпе алғандардың ішінде джиу-джитсудан ұлттық құраманың мүшесі Галина Дуванова да бар. «Бірінші кезекте өзіңе ғана емес, айналаңдағыларға да, отбасыңа да қамқорлық жасау керек. Спортшы болғандықтан және шетелдегі жарыстарға жиі баратындықтан, екпе алғанымыз туралы құжат ұсынуымыз керек. Бұл біздің қауіпсіздігіміз үшін де қажет» деп атап өтті Галина Дуванова.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button