Мәдениет

Спортшыларға қолдау көрсетті

Орталық Астаналық саябақта Бейжің Олимпиада­сына аттанған қазақстандық спортшыларды қолдау үшін мұз үстінде би билеу іс-шарасы өтті. Саябақтағы тұрғындар отандастарымызды қолдауға арналған флешмобтың куәсі болды.

[smartslider3 slider=1956]

Ерекше өткен жиынға қатысушылар әсерлі бимен көрсетілген Қазақстан құрамасының жетістіктерін тамашалады.

Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дарменияр Қыдырбекұлы көптеген қала тұрғындары қысқы спорт түрлерін ұнататындықтан бұл іс-шараға арнайы келгенін атап өтті.

«Біздің ауданда соңғы үш жылда тұрақты негізде Esil Winter фестивалі өткізіліп келеді. Фестиваль шаңғы, коньки тебу және скандинавиялық серуендеу сияқты қысқы спорт түрлерін қала тұрғындары арасында танымал етуге арналған. Жыл сайын спорттық іс-шараға елорда тұрғындары мен қонақтары көбірек қатысады. Біздің мақсатымыз – азаматтарды, әсіресе жастарды қысқы спорт түрлеріне баулу» деді Дарменияр Қыдырбекұлы.

Әсия НҰРБЕКҚЫЗЫ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button