Мәдениет

Спортта шекара жоқ

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрылуының 30 жылдығына орай волейбол және шағын футболдан ашық турнир өтті. 

[smartslider3 slider=3743]

Шекара қызметкерлері күні қарсаныңда ұйымдастырылған қалалық турнирді «Нұр-Сұлтан» шекаралық бақылау басқармасының бастығы, полковник Ержан Жұмабекұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Салтанатты рәсімге Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев та қатысып, жарыстың ашылуымен құттықтады.

– Құрметті шекара қызметкерлері, сіздерді шекара қызметі құрылуының 30 жылдығын мерекелеу аясында өтіп жатқан бүгінгі волейбол мен футболдан қалалық ашық турнирдің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Шекара қызметінің талаптары кей спорт түріне ұқсас. Мысалы спортта спортшының жылдамдығы мен шапшандығы басым болу керек. Шекара қызметінің де талаптары осындай. Өйткені мұнда әрбір сәт санаулы, – деді қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.

Аталмыш додада Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Нұр-Сұлтан қаласының шекаралық бақылау басқармасы мен желілік полиция бөлімі және Н.Назарбаев атындағы әуежай командалары өзара бақ сынасты.

Тартысты өткен додада волейбол спортынан жеңісті Нұр-Сұлтан шекаралық БАҚ басқармасы өз қанжығасына байлады. Нұр-Сұлтан шекаралық БАҚ бөлімінің 1-бөлімшесі мен 2-бөлімшесі екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.

Волейболдан Мақсат Дүйсен – үздік шабуылшы, Тынық Жақсылықов – үздік ойыншы, Гауһар Оңайбаева – үздік қорғаушы, ал Нұрбол Аманжолов – үздік үйлестіруші атанды.

Ал шағын футболдан «Н.Назарбаев атындағы халықаралық әуежай» АҚ 1-орынды, «Жігер» командасы 2-орынды, Нұр-Сұлтан қаласының желілік полиция бөлімі 3-орынды жеңіп алды. Мұрат Жанәлі – үздік шабуылшы, Елдос Әлімқұлов – үздік ойыншы, Мұқан Бейсенқұлов – үздік қорғаушы, Айдос Мерлібаев – үздік қақпашы болып танылды.

Баян АСЫЛБЕКОВА

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button