Жаңалықтар

«Спутник лайт» жеткізілді

Елорда әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына «Спутник Лайт» векторлық вакцинасы жеткізілді.

[smartslider3 slider=1852]

Атап айтқанда, 10 мың доза мөлшерінде бірінші партия келді, ол бір компонентті болып саналады. Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл вакцина тек халықты ревакцинациялауға, яғни толық иммундау мерзімі аяқталғаннан кейін қайта вакцинациялауға арналғанын атап өтті. Алғашқы вакцинация кезінде «QazVac», «Sinopharm», «Hayat-Vac», «Sinovac» екпесін алғандарға «Спутник Лайт» препаратымен ревакцинациялауға болады. Вакциналар емханаларға тіркелген тұрғындар санын ескере отырып бөлінеді. Қаладағы «Керуен» СОО, «Абу Даби Плаза», «Азия парк», «Еуразия» сауда үйлерінде ревакцинациялау пункттері жұмыс істейді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button