Жаңалықтар

Стартаптар 42 млн теңге инвестиция әкелді

Орталық Азиядағы ірі Astana Hub IT-стартаптар технопаркінде стартаптарға арналған Demo Day есептік іс-шарасы өткізілді. Акселерациялық бағдарламаның ақтық сайысына жеткен тоғыз команда ірі корпорациялар мен венчурлік қор өкілдеріне, қазақстандық және шетелдік инвесторларға өз жобаларын таныстырды. Жобалар бизнес-процестерді автоматтандыру, маркетинг және онлайн-білім беру салаларын қамтиды.

Үш айлық бағдарламаның қорытындысы бойынша «Доступный Казахстан», SOQ.KZ және Smart Closet стартаптары 42 миллион теңге көлемінде инвестиция тартты. Сонымен қатар командалар өз өнімдерінің сатылымдарын 19 миллион теңгеге арттырды және 78 жаңа жұмыс орнын ашты. Үздік стартаптардың таныстырылымы әлемнің кез келген бұрышынан көрінуі үшін технопарк YouTube платформасындағы ресми парақшасында көрсетіледі.
Astana Hub акселератор бағдарламасына 30 жоба өтіп, олар онлайн форматта осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырғанын айта кету керек. Мұндай шешім әлемдегі коронавирустық пандемияға қарсы карантиндік шараларға байланысты қабылданды. Бұған дейін акселерациялық бағдарлама Astana Hub технопаркінде тікелей эфирде өткізіліп, стартап-командалар іріктеу кезеңіне қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келетін.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button