Денсаулық

Стигма мен кемсітушілік

Стигма («таңба», «стигма» мағынасына ие) – адамға немесе адамдар тобына жағымсыз әлеуметтік рөлді енгізу процесі. Бұл басқалардың адамға немесе топқа деген көзқарасын айтарлықтай өзгертетін және өзіне деген көзқарасқа әсер ететін өте күшті әлеуметтік «белгі».

«Стигматизация» сөзі әлеуметтік белгілерді белгілеуді білдіруі мүмкін. Кемсітушілік құқықтарға тікелей нұқсан келтіруден көрінеді, бұл кейбір азаматтарды басқалармен салыс­тырғанда нашар жағдайға қалдырады.

Стигма мен кемсітуші­лік әртүрлі жағдайларда: денсаулық сақтау жүйесінде, отбасында, түрмеде, жұмыста, құқықтық институттарда (сот, заң шығарушы), білім беру жүйесінде, ақпарат құралдарында, сақтандыру/әлеуметтік жәрдем­ақы алу кезінде, некеде, қолданыстағы заңдарда, сая­хатқа/көші-қонға, өлімге байланысты орын алуы мүмкін.

Көбінесе стигматизацияның ең ауыр жүктемесі қоғам қабылдамаған топ­тардағы адамдарға: аз қамтылған адамдарға, ұлттық азшылықтардың өкілдеріне, ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдарға, инъекциялық есірткіні тұтынушыларға және секс жұмыскерлеріне, АИТВ-мен өмір сүретін немесе туберкулезбен ауыратын адамдарға түседі.

Бүкіл әлемде стигма мен соның салдарынан кемсітушілік АИТВ-ның алдын алу және емдеу қызметтеріне, оның ішінде АИТВ-ға тес­тілеуден өтуге өтініштің төмендеуіне әкеледі.
Стигма мен кемсітуші­лік АИТВ-оң адамның се­ріктестеріне, медицина жұмыс­керлеріне және отбасы мүшелеріне өз мәртебесін ашуға дайындығына теріс әсер етеді. Бұл өз кезегінде құпиялылықты бұзудан қорқып, медициналық қызметтерді кейінге қалдыруды немесе бас тартуды тудырады. Стигма мен кемсітушілік AРВT (антиретровирустық терапия) режимін сақтамауға әкеліп, адамдарды дәрі-дәрмектерді жасыруға мәжбүр етіп, оларды қабылдау режимін сақтамауға әкеледі.

Балалар да «Нашақордың баласы», «Сақ бол», «Балаларыңызды алыс ұста­ңыз» деген стигма мен кемсітушілікке ұшырауы мүмкін.

Егер бала не оның анасы немесе әкесі АИТВ-мен сырқаттанса, көптеген жағдайларда басқа балалардың ата-аналары олардың денсаулығына қауіп төніп тұрмаса да баламен ойнауға рұқсат бермейді.

Ішкі стигма – бұл адамның өзіне тиесілі топқа қатысты стигма, сондықтан ол адамның өзіне деген көзқарасын өзгертеді. АӨА (АИТВ-мен өмір сүретін адамдар), есірткіні қолданатын тұлғалар (ИЕТА) және басқа да халықтың негізгі топтары өзін-өзі бағалаудың төмендігінен, өзіне деген сенімділіктің жеткіліксіздігінен және жалғыздықтан зардап шегеді; олар өздерінің дәрменсіздігін сезінеді және қолдау қызметтерінен алыс болуына алаңдайды.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдар стигма мен кемсітушілікке ұшырамауы тиіс.

Стигма мен кемсіту­ші­лік жағдайында көптеген адам­дар АИТВ статусын жасыруды немесе ол туралы білу мүмкіндігін елемеуді таңдайды. Бұл денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіреді және эпидемияның тез таралуына ықпал етеді.

Стигматизация мен кем­­сітушіліктің барлық түрлерін жою 2030 жылға қарай тұрақты даму мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде шешуші рөл атқарады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға әлеуметтік және құқықтық қорғауға кепілдік беріледі.

Диагноз, жыныстық бағ­дар, терінің түсі, нәсіліне байланысты ешкім өз құ­қықтарына нұқсан келтіре алмайды.

Қазақстан – зайырлы өркениетті мемлекет, сондықтан ауруларға байланысты стигмаға жол берілмейді.

Стигма мен кемсітуші­лікті жеңу үшін әр адам АИТВ-инфекциясының: ауа-­тамшысы, су, тұрмыс­тық жолмен, ортақ ыдысты, бір дәретхананы, көлікті пайдалану арқылы, мектепке барғанда, спорттық ойындар кезінде, бассейнде жүзу кезінде, қол алысу, құшақтау, сүйісу кезінде берілмейтінін білуі тиіс.

АИТВ-инфекциясы бар адамның өмірі сау адамның өмірінен аз ерекшеленеді. Заманауи медицинаның арқасында ауру өлімге әкелетін аурудың санатына жатқызылмайды және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны созылмалы аурулар санатына кіреді.

Дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдауды бастап, дәрігердің барлық нұсқау­ларын орындай отырып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар ұзақ және қанағаттанарлық өмір сүре алады, себебі оларда АИТВ-инфекциясы дамымайды және ЖИТС сатысына (аурудың соңғы сатысы) өтпейді.
А.А.КАСИБАЕВА,

Астана қаласы әкім­дігі­нің «АИТВ-инфекция­сының алдын алу орталығы» МКҚК ­инфекционист дәрігері

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button