ЖаңалықтарТағзым

СТУДЕНТТЕР МҰРАЖАЙМЕН ТАНЫСТЫ

IMG_4189

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, техника ғылымының кандидаты Сүндет Смаханұлы оқу орнының елу студентін бастап, Ақмол ауданындағы «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешеніне алып барды.

Өзі сабақ беретін студенттерге рухани тәрбие беру жолында жиырма шәкіртке қаржылай демеушілік жасап, азаматтық танытты.
Тарихи орынның қақпа­сы­нан енгенде жастарды кешен директоры Болат Жүнісбеков қарсы алып, жәдігерлермен таныстырды.Соңынан зұлмат жылдардан сыр шертетін деректі фильм көрсетілді.

«Отанына опасыздық жасады» деп айыпталған репрес­сия құрбандарының әйел­дері, балалары және жақын туыстары жазықсыз жапа шеккен тарихи орыннан студенттердің алған әсері мол.

Әйгерім ИБАДУЛЛА,
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button