Жаңалықтар

Студенттер сайысқа түседі

Ертең Астанада қаладағы жоғары оқу орындары студенттері арасында Универсиада өтеді. Мәдениет және спорт басқармасы Жастар жылы аясында ұйымдастыратын жарыс бұқаралық спортты дамытуға бағытталады.


С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана медициналық университеті, Қазақ технология және бизнес университеті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, Еуразиялық гуманитарлық институт, Қазақ гуманитарлық заң университеті, Тұран университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, Назарбаев Университеті, Астана университеті, М.Ломоносов атындағы ММУ-дің қазақстандық филиалы және Қаржы академиясы студенттері қатысатын шара ең үздік ЖОО командасын анықтайды.
Универсиадаға қатысушылар волейбол (ерлер мен қыздар), тоғыз­құмалақ, шахмат, шаңғы жарысы, қысқы президенттік көпсайыс, жазғы президенттік көпсайыс, асық ату, шорт-трек, шағын футбол (ұлдар мен қыздар), гирь көтеру спорты, қазақ күресі, армрестлинг, жеңіл атлеттік эстафета, стритбол (ұлдар мен қыздар) және үстел теннисі спорттарында шеберлік байқасады.
Алдағы жарыстарға Астана қаласының жоғары оқу орындарының спорттық дайындығы бар және медициналық тексеруден өткен құрама командалары (студенттер мен магистранттар) жіберіледі. Универсиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, кубоктармен және сыйлықтармен марапатталады. Командалық спорт түрлерінен (стритбол, волейбол, шағын футбол) ойыншылар «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік шабуылшы» сияқты үш номинация бойынша бағалы сыйлықтарға ие болады. Бұған қоса, ең талантты жас спортшылар республикалық жарыстарға қатысу үшін елордалық құрама командаға қабылдануы мүмкін.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button