Жаңалықтар

СТУДЕНТТЕР ЖАСАҒЫ ҚҰРЫЛАДЫ

DSC_4958

Жастар саясаты мәселелері бас­қармасының ұйымдастыруымен Астана қаласы әкімдігі жанын­дағы жастар істері жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Оған қала­дағы басқарма басшылары, оқу орын­­дары өкілдері және жастар сая­са­тын жүзеге асырушы ұйымдар мен белсенді жастар қатысты.

Жиында Ішкі істер департаменті Юве­налдық полиция бөлімшесінде есепте тұр­ған кәмелетке толмаған жас­өспірімдер туралы Астана қаласы Балалардың құқығын қорғау бас­қар­масының басшысы Рима Иман­ға­зие­ваның баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, 2008 жылдан бері жасөспірімдер арасындағы құқық­бұ­зушылық пен қылмыстар саны 58%-ға азайған. Қазіргі таңда Ішкі істер де­парта­ментінде 278 кәмелетке толмаған бала есепте тұр. Олардың көбісі – 15-18 жастағылар. Оның ішінде 78%-ы – ұл­дар. Осы ретте Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді алдағы уақытта жасөспірімдер арасындағы қыл­мыстың одан сайын азаятындығын жет­­кізді. Өйткені, келесі жылдан бастап қалада полицияға көмек көрсететін сту­дент жасағы құрылады. Олар ішкі істер басқармасына ресми түрде тірке­ліп, кәдімгідей куәліктері беріледі. Жас көмекшілер жатақханалар, оқу орын­да­рының ғимараты, қала көшелері мен тұратын мекенжайлары бойынша тәртіпті бақылайтын болады. Олардың дені – заң факультетінде оқитын студенттер.

Отырыс барысында жастар істері жөніндегі кеңестің 2014 жылға арналған жоспары баяндалды. Онда Астана қала­сының емханаларындағы жастар ден­саулық орталықтарының жұмысын жандандыру, кәсіптік және техникалық білім мекемелеріндегі жастар ісі жөніндегі комитеттердің жұмысын қарау, студенттерге жеңілдетілген жолақы енгізу мәселелері қарастырылатын болады. Талқылау қорытындысы бойынша Талғат Абайұлы қаладағы басқармаларға жастар саясатын тиімді жүзеге асыру бағытында  бірқатар тапсырмалар берді.

 

Еркежан СӘТІМБЕК

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button