БілімЖаңалықтарЖастар саясаты

Студенттерге несие беріледі

Қазақстан студенттері оқу ақысын төлеу үшін негізгі қарызды 10 жылға дейінгі мерзімге кейінге қалдыру арқылы кепілсіз несие ала алады.

[smartslider3 slider=776]

Несиелер бойынша кепіл ретінде министрліктің «Қаржы орталығы» АҚ-ы кепілдігі әрекет етеді. Қаржы орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, несие бойынша жеңілдік кезеңіне оқу мерзімі және негізгі оқу курсы аяқталғаннан кейін алты ай кіреді. Бұл кезеңде тек пайыздық мөлшерлеме төленеді. Тек содан кейін негізгі қарызды төлеу мерзімі басталады.

Несие кепілсіз және сыйақы мөлшерлемесі – 20%. Осылайша, жастардың еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында оқу үшін мақсатты несие алу мүмкіндігі бар. Қатысушылардың шарттары туралы толық ақпаратты 8 800-080-28-28 телефон нөмірі арқылы алуға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button